Жаңалықтары академия

19 July, 20:01

«ШАХТЕР» U-18 ӨЗ АЛАҢЫНДА «ЖАС ҚЫРАНДЫ» ЖЕҢДІ

QJ League додасының 11-туры аясында «Шахтер» U-18 өз алаңында алматылық «Жас Қыран» U-18 командасын 2:0 есебімен жеңді.

«Кеншілердің» негізгі құрамында Алихан Шайзада, Жәнібек Жайлаубек, Нұрхан Қағазбаев, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Расул Акимов (к), Айбатолла Шулаков, Артем Алексеев, Александр Яковлев, Рустам Сайфимилюков және Дигдар Омаров алаңға шықты.

Есеп ойынның 3-минутында ашылды. Бұрыштамадан асырылған доптан кейін айып алаңында бірінші болып Артем Алексеев допқа жетіп, оны бір ғана жанасумен қарсылас қақпасына дәл бағыттады.

Екінші таймда «Шахтер» басымдығын еселей түсті. Матчтың 74-минутында Расул Акимовтың айып добынан жасаған дәл пасынан кейін Нұрхан Қағазбаев баспен гол соқты.

Осылайша, кездесу «Шахтер» U-18 командасының 2:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Наверх