Жаңалықтары академия

25 October, 17:35

«ШАХТЕР» U-18 QJ LEAGUE ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ МАТЧЫН АЛМАТЫДА ӨТКІЗДІ

QJ League чемпионатының 22-туры аясында «Шахтер» U-18 командасы Алматы қаласында «Жас Қыран» U-18 командасымен кездесіп, жеңіске жетті.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Асхат Байжан, Мейірлан Балтабаев, Данил Золкин, Кирилл Сатжанов, Айбатолла Шулаков, Артем Алексеев, Асанали Искендиров, Данил Литвиненко, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Илья Гезик шықты.

Матч «кеншілердің» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапындағы жалғыз голдың авторы - Илья Гезик.

Еске сала кетейік, Игорь Солошенконың шәкірттері QJ League чемпионатының аяқталуына үш тур қалғанда-ақ күміс жүлдеге ие болған еді.

Наверх