«Кеншілердің» негізгі құрамында Алихан Шайзада, Мейірлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек, Нұрхан Қағазбаев, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Расул Әкімов (к), Айбатолла Шулаков, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Илья Гезик алаңға шықты.
Кездесудің басталуы қарағандылықтар үшін сәтті болған жоқ. Матчтың 11-минутында алаң иелері есеп ашты.
Жіберіп алған голдан кейін «Шахтер» U-18 ойын тізгінін өз қолына алып, матч соңына дейін таразы басын теңестіруге бар күшін салды. Қонақтар жоғары қарқынмен прессинг ұйымдастырып, қауіпті шабуылдар жасап, «Тараздың» қорғанысына үздіксіз қысым көрсетті.
Есепті теңестіру қосымша уақытта мүмкін болды. Бұрыштамадан асырылған доптан кейін Дамир Юсупбеков дәл соққымен қақпаны дәл көздеп, командасына бір ұпай сыйлады.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.


Шахтёр
Арыс

