Турнир Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы және Әлихан Бөкейхан ауданы командалары арасында өтті. Шараны Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Шахтер» КМҚК, «Шахтер» футбол клубы және Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы қолдады.
Дәстүрге айналған бұл марапаттау рәсіміне «Шахтер» футбол клубы негізгі құрамының ойыншылары қатысты. Бұл жас футболшылар үшін үлкен мерекеге айналды.
Қазыбек би ауданы командалары арасындағы турнир жеңімпаздары:
• 1 орын — «Скаут»
• 2 орын — «Проспект»
• 3 орын — «Легион»
Үздік ойыншылар:
• Қақпашы — Бакиров Амир («Легион»)
• Қорғаушы — Аккизов Ансар («Проспект»)
• Шабуылшы — Чеканов Лев («Скаут»)
Әлихан Бөкейхан ауданы командалары арасындағы турнир жеңімпаздары:
• 1 орын — FC Jas Batyr-Maykuduk 3
• 2 орын — FC Jas Batyr-Maykuduk 2
• 3 орын — «Арман 16»
Үздік ойыншылар:
• Қақпашы — Рудковский Артем (FC Jas Batyr-Maykuduk 3)
• Қорғаушы — Еркегүл Ерасыл (FC Jas Batyr-Maykuduk 3)
• Шабуылшы — Төкен Ислам (FC Jas Batyr-Maykuduk 2)
Ұйымдастырушылар турнирге қатысқан барлық ойыншыларға, бапкерлерге, ата-аналарға және серіктестерге аймақтық балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Бұл турнир бұқаралық спортты нығайту мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы тағы бір маңызды қадам болды.