Клуб жаңалықтары

27 March, 15:16

РАҚМЕТ, ДМИТРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ!

Қарағандылық «Шахтер» клубының бас бапкері Дмитрий Алексеевич Огай өз қызметінен кетті.

«Шахтер» футбол клубы Дмитрий Алексеевичке атқарған жұмысы, команданың дамуына қосқан үлесі және жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдіреді!

«Мен үшін Тимур Турлов пен Рохус Шох тарапынан қарағандылық «Шахтерді» басқару туралы ұсыныс алу үлкен мәртебе болды және клубты қайта жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобаға өз үлесімді қосу – үлкен жауапкершілік еді. Мұндай жағдайда «жоқ» деп айту мүмкін емес болатын. Осы жауапкершілікті толық түсіне отырып, мен бұл күрделі жұмысқа бар күш-жігеріммен кірістім.

Біз мықты бапкерлер штабын жасақтадық, маусым алдындағы дайындықты тиімді өткіздік және алға қойылған турнирлік міндеттерді орындауға қабілетті команда құрдық. Әсіресе құрамда көптеген дарынды жас қазақстандық футболшылардың өнер көрсететіні мен үшін үлкен мақтаныш.

Соған қарамастан, оқу-жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін бірқатар себептерге байланысты мен қиын шешім қабылдап, клуб басшылығынан өзімді қызметтен босатуды сұрадым. Менің орныма бапкерлер штабын «Шахтердің» аңызы Андрей Финонченко басқарады — оның жетекшілігімен команда қойылған міндеттерді орындайтынына сенімдімін.

Клубқа сәттілік тілеймін, сондай-ақ баршаңызға бірлескен жұмыс пен көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін».

Наверх