Клуб жаңалықтары

22 April, 17:26

«ШАХТЕР» Ж КОМАНДАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ІРІ ЖЕҢІСІ

Екінші лиганың III туры аясында «Шахтёр» U-21 өз алаңында Петропавл қаласының «Қызылжар» командасын 5:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ «кеншілер» ойын тізгінін өз қолына алып, 5-минутта есеп ашты. Команда капитаны Максим Холод қарсылас қақпасын дәл көздеп, өз командасын алға шығарды. Алаң иелері басымдықты сақтап, 33-минутта есепті еселей түсті — Тагир Сакенов пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Бірінші таймның соңына қарай қонақтар есеп айырмасын қысқартты: 42-минутта Сулеман Жетпісбай гол соқты. Осылайша командалар үзіліске 2:1 есебімен кетті.

Екінші таймда «Шахтёр» Ж қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 68-минутта Даниял Таханов есепті арттырды, араға бес минут салып Максим Комиков тағы бір гол соқты. Ал 80-минутта Тагир Сакенов пенальтиден дубль авторы атанып, матчтың нүктесін қойды — 5:1.

«Шахтёр» М құрамында алаңға шыққандар: Нургалиев Н., Дильмурат Мир., Таханов Д., Сакенов Т., Сатжанов К., Жанхаев Р., Дильмурат Ман., Назаров Д., Шымырхан С., Комиков М., Холод М. (к).

«Шахтёр» М маусым басында сенімді ойын көрсетіп, нәтижелі өнерімен жанкүйерлерді қуантуды жалғастырып келеді.

Наверх