
Диас Қалыбаев:
«Мен бұл клубты шын жүректен жақсы көріп кеттім. Өзім Алматыдан болсам да, Қарағанды мен үшін бөтен қала емес — әкем осы жерде өскен. “Шахтёр” жанкүйерлерінің маған деген ықыласы ерекше. Сондықтан Бірінші лиганы жеңу үшін бар күшімді саламын».

Рифат Нурмугамет:
«Өткен маусымнан кейін бір өкініш бар. Бірақ биыл біз бәріміз команда болып басты мақсат қажету үшін бар күшімізді саламыз. Ол — Премьер-лигаға шығу. Қай клубтың намысын қорғап жүргенімізді және қандай жанкүйерлер үшін ойнайтынымызды жақсы түсінеміз».

Тимур Рудосельский:
«Маған және менің отбасым үшін Қарағандыда өте жайлы. Бұл қала жүрегімізге жақын. Біз барымызды салып, Бірінші лигада сенімді түрде жеңіске жетіп, күшімізді Премьер-лигаға қайта оралуға бағыттаймыз. Жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтамыз, оларды стадионда күтеміз».

Шахтёр
Түркістан



