Клуб жаңалықтары

25 June, 16:11

«ШАХТЕР» АКАДЕМИЯСЫНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МИКРОСЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін «Шахтер» футбол клубының Академиясында жаттықтырушылар штабына арналған «Мінсіз жаттықтырушылар штабы: ұйымдастыру, тәртіп және бірыңғай стандарттар» тақырыбында микросеминар өтті.

Оқытудың негізгі мақсаты – Академиядағы футболшыларды даярлаудың бірыңғай жүйесін одан әрі дамыту, әртүрлі жас санаттарындағы жаттықтырушылар арасындағы өзара байланысты жетілдіру және ойыншыларды оқыту мен тәрбиелеуде ортақ тәсілдерді қалыптастыру болды.

Семинар барысында жас ерекшеліктері арасындағы сабақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Академия ең кіші жастағы топтардан бастап клубтың негізгі командасына дейінгі футболшыны дамытудың нақты жүйесін қалыптастыруды жалғастыруда. Бірыңғай талаптар, әдістемелер мен жұмыс стандарттары ойыншылардың бір жастан келесі жас деңгейіне жүйелі түрде өтуіне және олардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Шахтер» Академиясы тек QJ League жарысына қатысатын командалармен ғана емес, сонымен қатар клуб пен қазақстандық футболдың болашағы саналатын кіші жастағы тәрбиеленушілермен де жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

«Шахтер» Академиясының кіші және орта жас санаттары блогының үйлестірушісі Аллабергенов Жанибек Махмудович өз пікірін білдірді:

— Біз үшін Академиядағы барлық жаттықтырушылардың бір бағытта жұмыс істеп, ортақ мақсатты түсінуі өте маңызды. Біз әрбір жас кезеңі футболшының дамуындағы маңызды саты болып саналатын даярлау жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Біздің міндетіміз – футболшы Академиядағы ең кіші жастағы топтардан бастап барлық дайындық кезеңдерінен бірізді түрде өтіп, алдымен жоғары жас санаттарына, кейін жастар футболына, ал түпкі мақсатта «Шахтердің» негізгі командасына көтерілуге дайын болуы үшін қажетті жағдай жасау.

Бүгінде Академияның жетістігі жекелеген командалардың нәтижелерімен ғана өлшенбейді. Ең бастысы – әрбір жаттықтырушының бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс істеуі және әрбір футболшының өзінің даму жолында қойылатын талаптарды нақты түсінуі. Осындай жүйе ғана негізгі команда үшін сапалы футболшылар тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Мұндай семинарларды өткізу «Шахтер» Академиясының жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін тұрақты түрде арттыруға және клубтың бірыңғай футбол философиясын қалыптастыруға бағытталған стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Наверх