«Шахтер» осы маусымда Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат еткен басты қарсыластарының бірі – «Таразды» маңызды кездесуде жеңіп шықты.
Кездесу басталысымен «кеншілер» шабуылға лап қойып, 9-минутта есеп ашты. Голдың авторы – Александр Мигунов. Бірінші таймда «Шахтердің» есеп айырмасын ұлғайтуға бірнеше мүмкіндігі болғанымен, оларды тиімді пайдалана алмады.

Екінші таймның басталуы да қонақтардың басымдығымен өтті. 55-минутта Артем Литош командасының екінші голын соқты. Бұл шабуылшының биылғы чемпионаттағы тоғызыншы голы болды.

Матч соңына дейін алаң иелері есеп айырмасын қысқартуға бірнеше мәрте талпынды. Алайда «Шахтердің» капитаны әрі қақпашысы Игорь Шацкий сенімді ойын көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік берген жоқ. Осылайша ол чемпионаттағы төртінші «құрғақ» матчын өткізді.

Принципиалды қарсыласын жеңген «Шахтер» маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, Премьер-лигаға қайта оралу жолындағы өз позициясын нығайта түсті.

Тараз
Шахтёр
Жайық

