Марапатталғандардың қатарында «Шахтер» футбол клубының өкілдері де бар. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрмет грамоталарымен клубтың

спорт директоры Арсен Укибаевич Инкарбеков,

«Шахтер» футбол командасының бас жаттықтырушысы Андрей Юрьевич Финонченко,

клубтың заңгері Наталья Зиновьевна Комлева марапатталды.
Салтанатты шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нуркен Кобжанов, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт департаментінің директоры Бектур Киятбай, қалалар мен аудандардың спорт бөлімдерінің, спорт мектептері мен федерациялардың басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және меценаттар қатысты.
Бұл марапаттар — мамандардың кәсіби шеберлігіне, көп жылғы еңбегіне және Қарағанды облысының спортын дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға. Әріптестерімізге жаңа жетістіктер, толағай табыстар және футбол мен өңірдің спорт саласын дамыту жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!


Шахтёр
Астана Жастар
Ақтобе Жас


