Клуб жаңалықтары

26 September, 13:30

АРТЕМ ЛИТОШ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ САПЫНДА АНГЛИЯҒА ГОЛ СОҚТЫ

25-нен 26 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңінің 8-турында Англия құрамасына қарсы матч өткізді.

D тобындағы кездесу Вулверхэмптон қаласындағы «Молинью» стадионында өтіп, алаң иелерінің 4:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Шахтер» ойыншысы Артем Литош Қазақстан құрамасының негізгі құрамында алаңға шығып, матчтың 3-минутында есеп ашты. Командамыздың ойыншысы бұрыштамадан берілген допты сәтті бағыттап, ағылшындардың қақпасына гол соқты.

Литоштың жылдам голына қарамастан, Қазақстан жастар құрамасы 2:4 есебімен жеңіліс тапты.

Наверх