Жаңалықтары академия

14 October, 19:12

НИКИТА ДУХОВ ЕКІ ГОЛ СОҚТЫ!

QJ League чемпионатының 20-туры аясында «Шахтер» U-16 командасы Ақтаудың «Каспий» U-16 командасын жеңді.

Бұл кездесуде нағыз тартысты ойын өрбіді! Алдымен 18-минутта қонақтар есеп ашты. Алаң иелері 49-минутта таразы басын теңестірді. Алайда 58-минутта «Каспий» футболшылары қайтадан алға шықты. Дәл осы сәтте Никита Духовтың жұлдызы жанды! Матчтың 65-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшыға дубль жасау үшін небәрі төрт минут жеткілікті болды. Никита 70 және 74-минуттарда қатарынан екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады! Қорытынды есеп - 4:3, «Шахтердің» пайдасына!

Наверх