- Бүгін барлық жігіттерге алғысымды білдіремін. Әр футболшыны ерекше атап өткім келеді - барлығы алаңда бар күшін салды. Осы матчқа арнайы жаттыққанымыздың, дайындалғанымыздың бәрін, сондай-ақ жігіттерден талап еткен тапсырмалардың барлығын олар толық орындады. Бар күштерін жұмсады. Барлығы 100 пайызға жұмыс істеді.
«Астана» Ж - жақсы дайындалған, допты бақылау арқылы ойнайтын, допқа прогрессивті бақылау жасайтын команда. Біз бұған дайын болдық және барлық ойыншы ойын жоспарын орындады. Төрт жақсы гол соқтық.
Әр ойыншыға жанкештілігі үшін рақмет. Әрине, стадионға жанкүйерлердің көбірек келгенін қалаймыз. Жанкүйерлердің қолдауы болса, ойнау да әлдеқайда жеңіл.

Шахтёр
Астана Жастар


