Жаттығу жиыны барысында футболшылардың физикалық дайындығына, тактикалық жұмысына және командалық өзара түсіністікті жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл кездесулер командаға дайындық деңгейін бағалауға және ойыншыларды толыққанды сынап көруге мүмкіндік береді.
Алдағы күндері команданың оқу-жаттығу жиынына қатысатын ресми құрамы жарияланатын болады. Барлық жаңалықтар мен жиын барысы клубтың ресми әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде хабарланып отырады.

Шахтёр
Түркістан



