Алматыдағы алаңға алғаш болып Игорь Маштаков жаттықтыратын «Шахтёр» U-15 командасы шықты. Тартысты өткен кездесуде қарағандылықтар «Атлетико» академиясының құрдастарын 4:3 есебімен жеңді.

Одан кейін Алматы алаңына бас бапкер Павел Заяц жетекшілік ететін «Шахтёр» U-16 командасы шықты. Қарағандылықтар «Атлетико» академиясының тәрбиеленушілерінен 5:2 есебімен басым түсті.

Мерекелік күн Қарағандыда жалғасты. «Шахтёр» U-17 командасы Қазақстан футбол федерациясы академиясының құрдастарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Рафаэль Хамидулловтың шәкірттері QJ League чемпионатындағы алтын медаль үшін күресін жалғастыруда.

Жеңісті күнді Игорь Солошенко жаттықтыратын «Шахтёр» U-18 командасы қорытындылады. Қарағандыда Қазақстан футбол федерациясы академиясымен өткен кездесу қарағандылықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Төрт команда - төрт жеңіс! «Шахтёр» академиясының тәрбиеленушілері осылайша кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеңіске деген ұмтылыс, еңбекқорлық пен шахтёрлік мінездің ұрпақтарды біріктіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Елимай Ж
Шахтёр


